Автор: user

03.06.24ж. Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өтті. Мектебімізде алғаш рет этно-лагерь өз жұмысын бастады. Этно- лагерді ашудағы мақсат –қазақ халқының мәдени дәстүрлерімен, тұрмыс-тіршілігімен, ана тілінің өзіндік ерекшелігімен, әр түрлі өнер түрлерімен таныстыру. Киіз үйдің салтанатты ашылу мәртебесі мектеп директоры Мукушева К.Б және Бабалар аманаты “Ақ кимешек киелі” әжелерге берілді. Сонымен қатар 5-9 сынып оқушыларына […]

Құрметті болашақ 1 сынып оқушыларының ата-аналары! 2024 жылдың 3 маусымынан бастап 2024-2025 оқу жылының болашақ бірінші сынып оқушылары үшін «Балақайлар мектебі» ашылады Сіз үшін не ұсынамыз Өзіне сенімді, мектепке сәтті тұлға қалыптастыру үшін, балалардың жеке әлеуметтік қасиеттерін дамыту Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, әр сабақты ерекше заманауи әдіс-тәсілдермен өткізу Сабақ […]

25 мамыр күні Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен жоспарына сәйкес 79 мектеп-лицейінде мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өткізілді. Бағындырып белесті, Түлектерім жайнаңдар. Гүл бақтағы құстардай, Тамылдытып сайраңдар. Жансын шаттық, күйлерің, Шуақ шашып әр таңың. Құтты болсын түлектер, Алға қадам басқаның.#жастүлек2024

2023-2024 оқу жылының 22 мамыр күні №79 мектеп-лицейінің акт залында талантты, білімді, ең алғыр, ең мықты оқу ордасының даңқын асқақтатып жүрген және мектеп өмірін қызыққа толтырған оқушыларға «Жұлдыздар шеруі-2024» атты марапаттау рәсімі өтті. Мақсаты: мектептің озат және белсенді оқушыларын марапаттау рәсімі мен құрметтеу. 1 топ – «Олимпиада жұлдыздары» – пәндік олимпиада жүлдегерлері; 3 топ – […]

Экологиялық акция жалғасуда! №79 мектеп -лицейінің ұжымы кезекті сенбілікке шықты. Сенбілік барысында мектеп қоршауларын сырлап, гүлдер отырғызылды

Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, педагогтердің инновациялық белсендіктерін дамыту мақсатында «Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы өтті. Байқауға еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас мамандар қатысты. Бірінші кезеңде «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазды. Екінші кезеңде «Шығармашылық жолдың бастамасы» бейнепрезентация жасады. Екі […]

2024 жылдың 4 мамыр күні өткен Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңінен 8 сынып оқушысы Бейбітханқызы Томирис 3 орын иеленді, мұғалімі Мукатаева С.А. Құттықтаймыз!

2024 жылдың 3 мамыр күні жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша өткен қалалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 7 сынып оқушысы Нұрлан Ансар математика пәнінен жүлделі 2 орын , мұғалімі Шарипова С.С., 7 сынып оқушысы Адабашев Сердар информатика пәнінен жүлделі 2 орын, мұғалімі Мухамеджанова З.Р., 8 сынып оқушысы Ғалымжан Самира физика пәнінен 3 орын, мұғалімі Махамбетова А.А., 7 сынып […]

2024 жылдың 30 сәуір күні №79 мектеп-лицейінің акт залында 2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Мектепішілік кезеңде «Зерде» бағытында 2-7 сыныптар арасында 20 жұмыс, 8-11 сыныптар арасында 16 ғылыми жоба, барлығы 36 ғылыми жоба жұмысы қаралды. Мектептің мұғалімдері қатысқан әділқазы алқасының мүшелері әр оқушының жұмысын жоғары деңгейде бағалап, өзектілігіне баса назар […]