АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, педагогтердің инновациялық белсендіктерін дамыту мақсатында «Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы өтті. Байқауға еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас мамандар қатысты. Бірінші кезеңде «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазды. Екінші кезеңде «Шығармашылық жолдың бастамасы» бейнепрезентация жасады. Екі кезеңнен іріктеліп алынған жас мұғалімдер 3 кезеңде ашық сабақтар өткізді. Байқау нәтижесі бойынша мектебіміздің жас маманы Тілеулесова Ұлпан Бақбергенқызы Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Алғыс хатымен марапатталды.