Жаңалықтар
Оқушылардың көркем әдебиетті тыңдау қабілеттерін дамыту мақсатында ертегілері кейіпкерлерімен танысып, саханалық көріністер ұйымдастырылды.
Геометриялық фигуралар:дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш мен денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратып, оларды дұрыс атай білуге үйренді.
Оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстармен танысып, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жұмыстары жүргізілді.
Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдануға, пропорцияларды сақтауға, командада жұмыс істей білуге жаттықтырдық.
Қоршаған ортамен таныстыру мақсатында «Туған өлкем» тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру, сурет салу жұмыстары жүргізілді.
“Балақайлар мектебі” 07.08.2024. Оқушылар бүгін сабақта әріп элементтерін жазып, сандарды өсу, кему ретімен санап үйренді
Бүгін оқушылар мектеп ауласында «Табиғат аясында» атты сурет салып, бояды.Таза ауада қимылды ойындар ойнатылды.