АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

2024 жылдың 30 сәуір күні №79 мектеп-лицейінің акт залында 2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Мектепішілік кезеңде «Зерде» бағытында 2-7 сыныптар арасында 20 жұмыс, 8-11 сыныптар арасында 16 ғылыми жоба, барлығы 36 ғылыми жоба жұмысы қаралды. Мектептің мұғалімдері қатысқан әділқазы алқасының мүшелері әр оқушының жұмысын жоғары деңгейде бағалап, өзектілігіне баса назар аударды.
«Әр жұмыста оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекеті байқалады», – деді өз сөзінде комиссия мүшесі директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Байсакалова Б.И. жұмыстар сырттай өткізілген байқауларға ұсынылып, түрлі дәрежедегі орындарды иеленген. Ендігі кезекті осы ғылыми жобаларды қала көлемінде өткізілетін ғылыми жобалар байқауына жіберуге толық болатынын сөз етті.
Байқаудың басты мақсаты –дарынды және талантты жас ізденімпаз оқушыларды іріктеп, қолдау көрсету. Жүлделі орынға ие болған оқушылар өздерінің жобалары ендігі кезекте қалалық, республикалық ғылыми жобалар байқауында таныстыратын болады.