АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

03.06.24ж. Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өтті.
Мектебімізде алғаш рет этно-лагерь өз жұмысын бастады. Этно- лагерді ашудағы мақсат –қазақ халқының мәдени дәстүрлерімен, тұрмыс-тіршілігімен, ана тілінің өзіндік ерекшелігімен, әр түрлі өнер түрлерімен таныстыру. Киіз үйдің салтанатты ашылу мәртебесі мектеп директоры Мукушева К.Б және Бабалар аманаты “Ақ кимешек киелі” әжелерге берілді.
Сонымен қатар 5-9 сынып оқушыларына мектеп жанындағы «Интелектуалды IT», «Туристік», «Дарынды жаз», 1-4 сынып оқушыларына «Жұлдыз» лагерлері жұмыс бастады.
Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылуы сәтті өтті. Балалар жарыстар мен ойындарға белсенді қатысты, тәрбиешілермен, жетекшілермен және болашақ достарымен кездесті. Ашылудағы негізгі мақсаттар орындалып, балалар риза болды.