Астана қаласы әкімдігінің "№79 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Негізгі ғимарат: город Астана, район Есиль, улица Максута Нарикбаева, 3 Телефоны БҰ: +7 (7172) 97‒13‒42 Email БҰ: shkola7979@mail.ru

Автор: user

23 наурыз күні  сағат 10.00 – де Астана қаласы №79  мектеп- лицейінде «Тазалық эстафета» аясында Жаңа мақсатпен, жаңа үмітпен «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Акция аясында аулаларрды, көшелерді, сондай­ақ арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша іс­шаралар ұйымдастырылады.  

Толығырақ

18.03 күні 8- сыныптар арасында ұйымдастырылған Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім шалқарынан…» атты оқырман алаңы өтті. Оқушылар Шәкәрім ақынның шығармашылығын әр қырынан талдап, ой бөлісті. Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акшолакова Лязат Кызыркановна.

Толығырақ

№79 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 11- сынып қыздары арасында «Әсемдік қыздарға жарасады» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілік, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін бойларына сіңіру. Сайыс төрт кезеңнен өтті. Қыз балалар өздерінің өнерлерін көрерменге ұсынды. Жауапты мұғалімдер: қазақ тілі […]

Толығырақ

2024 жылдың ақпан-наурыз аралығында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтер үшін «Идеялар марафоны» аймақтық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау мен насихаттауға ықпал ету. Байқауға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Актанова Аяулым Аманжоловна қатысып, жүлделі 3 орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ

2024 жылдың 16 наурыз күні өткен республикалық » ПроЭко» конкурсының қалалық кезеңінде «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Асхат Нұрай жүлделі 2 орын иеленді. Мұғалімі Кисабекова Асем Амиргалиевна. Құттықтаймыз!

Толығырақ

15 наурыз күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіндігі аясында белгілі қоғам қайраткері, ақын, жазушы С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, әндерін әуелете шырқады, кішкентай күйшілер күй орындап, жас ақындар ақынга арнаған өз туындыларын оқыды. 9ә сынып оқушыларының қатысуымен […]

Толығырақ

Бүгін мектебімізде ұлыстың ұлы күні қарсаңында, қазақ тілі мен әдебиеті апталығына орай “Жігіттің сұлтаны — 2024” байқауы өтті. Байқауға 11 сыныптың ер балалары қатысты. Бас жүлде иегері — 11 «А» сынып оқушысы Ақан Аслан. Іс-шараны ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Абсеитова Гульнат Лунатовна және Айжаркинова Гульшат Амантаевна.

Толығырақ

14 наурыз күні №79 мектеп-лицейінде Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Көрісу күні атап өтілді. Мерекелік іс-шараға қонақ ретінде Нұра ауданының ардагерлер кеңесі, ата-аналар шақырылды. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары домбырамен ән айтып, мерекеге арналған өлеңдер оқыды. Жалпы қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. […]

Толығырақ

2024 жылдың 11 — 20 наурыз аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ӘБ онкүндігі өтеді. Онкүндіктің тақырыбы:Мақсаты: оқушылар тілдік дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін арттыру, білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, 2023-2024 оқу жылындағы мерейтой иелері ақын-жазушыларды дәріптеу. Міндеттері: 1. Мемлекеттік тілді құрметтеу. 2. Ақын-жазушылардың шығармашылығын мәнерлеп айту. 3. Сауатты сөйлеу ойын анық жеткізу. Жоспар […]

Толығырақ

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024  жылдың 6 наурыз күні ағылшын тілін үйретуде және педагогтердің  кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда  тиімді платформалар мен әдістерді пайдалану және тәжірибе алмасу мақсатында №79 мектеп- лицейінде ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала мектептерінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  қатысты. Семинар басында №79 мектеп- лицейінің директоры Мукушева К.Б.білім саласындағы жаңалықтармен бөлісе отырып, семинар жұмысына сәттілік […]

Толығырақ