АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

2024 жылдың 11 — 20 наурыз аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ӘБ онкүндігі өтеді. Онкүндіктің тақырыбы:Мақсаты: оқушылар тілдік дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін арттыру, білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, 2023-2024 оқу жылындағы мерейтой иелері ақын-жазушыларды дәріптеу. Міндеттері: 1. Мемлекеттік тілді құрметтеу. 2. Ақын-жазушылардың шығармашылығын мәнерлеп айту. 3. Сауатты сөйлеу ойын анық жеткізу. Жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп оқу, Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Жырдың алмас қылышы» әдеби кеші, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына «Сәкен- жырдың сарқылмас дариясы» әдеби кеші, «Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Шәкәрім өлеңдеріндегі ар-ұят мәселесі» оқырман алаңы, «Жігіт сұлтаны» байқауы, «Қыздарға әсемдік жарасады» сайысы өткізіледі.