АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024  жылдың 6 наурыз күні ағылшын тілін үйретуде және педагогтердің  кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда  тиімді платформалар мен әдістерді пайдалану және тәжірибе алмасу мақсатында №79 мектеп- лицейінде

ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала мектептерінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  қатысты.

Семинар басында №79 мектеп- лицейінің директоры Мукушева К.Б.білім саласындағы жаңалықтармен бөлісе отырып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Ағылшын тілі кафедрасының жетекшісі Бейсембавеа С.Г. ағылшын тілі кафедрасының сапалық құрамымен, семинардың мақсатымен таныстырды.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Қалмағанбетова Балдырған Мамайқызы

ағылшын тілін оқытудағы  мұғалімдердің softskills дағдыларын дамытудағы белсенді әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерімен таныстырып өтті.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Актанова А.А   6 «Д» сыныбында «Folktale. Kyz Zhibek » атты ашық сабақ өткізді; Елеукешова К.А.– ағылшын пәнінің мұғалімі , Касымова А.С.– тарих пәнінің мұғалімі, Абдрахманова А.Р.- қазақ тілі пәнінің мұғалімі «Наурыз» атты 8 «Д» сыныбында интеграциялық сабақ өткізді; Ташимова Г.К., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі; «PRESENT PERFECT SIMPLE: Questions» тақырыбында ашық сабақ өткізді; Турсунова Н. Е., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі «Save our animals»,4 «Д» сынып ашық сабақ өткізді ;Нуркенова Г.А., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі «Save our animals» 4 «В» сыныбында ашық сабақ өткізді;

Пән мұғалімдерінің қатысуымен №79 мектеп- лицейінің мұғалімдері Молдакаликова А.А, Хамзина Г.З., Мырзашова А.Б., «TEDx Talks Conference. Speeches changing the world» конференция өткізді, Жукеева А.К., Курбенова Ж.М.ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері «Development of communication skills in the process of learning a foreign language based on gamification»        шебер сынып өткізді.

Сонымен қатар қала мектептерінен келген Tamos Space School ағылшын тілі пәнінің мұғалімі «The purpose of the learning process . The essence of the process for learning»   БукенбаевА.Н., шебер сынып өткізді.

Айтназарова Х.С., Сеит А. №13 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері «Applying of Bloom’s Chamomile technique, based on Bloom’s taxonomy, to develop critical thinking in English lessons» шебер сынып өткізді,

Сералимова С.А, №17 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ,Саден Н.Ж., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі «Implementing video material in ELT»   шебер сынып өткізді.

Бейсембаева С.Г., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,Байсакалова Б.И., қазақ тілі пәнінің мұғалімі «How to develop Softskills» тақырыбында мұғалімдердің әдістемелік қоржынын толтыру мақсатында коучинг өткізді.

Семинар соңында келген қонақтар  мектеп оқушыларының өнерін тамашалап, Әдістемелік орталықтың әдіскері  Б.Қалмағанбетова іс-шараны қорытындылап қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тиімді кері байланыс жасады. Мерекеге арнап ағылшын тілінің мұғалімдері семинар қатысушыларына  арнайы сыйлықтар табыстады. Семинарға қала мектептерінен 40-қа жуық мұғалім қатысты.