АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

15 наурыз күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіндігі аясында белгілі қоғам қайраткері, ақын, жазушы С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, әндерін әуелете шырқады, кішкентай күйшілер күй орындап, жас ақындар ақынга арнаған өз туындыларын оқыды. 9ә сынып оқушыларының қатысуымен Ә.Әбішевтің «Сәкеннің аманаты» пьесасынан әзірлеген қойылым өте әсерлі шықты. Кеш барысында Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы бейнефильмдерден үзінді көрсетіліп, слайдтар арқылы мол мәлімет берілді. Бұл ұйымдастырылған кештің мақсаты — оқушылардың бар саналы ғұмырын еліне арнаған ұлт жанашыры, ақиық ақын С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын білуге, ақын есімін құрметтеуге тәрбиелеу. Кешті ұйымдастырған 8-9-сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Игильманова Ш. Р. мен Акшолакова Л.К.