АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

2024 жылдың 26 сәуір күні мектепішілік «Үздік педагог-2024» байқауы өтті. Жеке өтініштер бойынша байқауға 6 мұғалім қатысты. Олар мына мұғалімдер: Сатыбалдиева Г.К., Матайбаева Г.Е., Рсаева А.Б., Алпыспаев Н.Н., Оналбекова Г.Ж., Рамазанова Д.
Әділ — қазылар алқасының құрамы төмендегідей: Төрайымы: Мукушева К.Б. — мектеп директоры, Толегенова Б.К. — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Бердалинова Ж.К. — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Умарова А.А. — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Сарсенова А.С. — математика пәнінің мұғалімі, Акшолакова Л.К. — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Саден Н.Ж.- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Байқау 4 кезеңнен тұрды.
1 кезең «Ашық сабақ» көрсету.
2 кезең » Мұғалім портфолиосы»
3 кезең » Өзін -өзі таныстыру »
4 кезең » Өз өнерін көрсету »
Әділ — қазылар қатысушылардың ашық сабақтарына қатысып және қатысушының портфолиосын қарап, мұғалімнің шығармашылық жұмыстарын бағалады.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар:
Бас жүлде — Физика пәнінің мұғалімі Сатыбалдиева Г.К.
1 орын иегері- Бастауыш сынып мұғалімі Рамазанова Д.
2 орын иегері — Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Матайбаева Г.Е.
3 орын иегері- Математика пәнінің мұғалімі Алпыспаев Н.Н.
Мадақтама — Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рсаева А.Б., биология пәнінің мұғалімі Оналбекова Г.Ж.