АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

Мектептегі «KiVa» антибуллинг бағдарламасы аясында ата-аналар мен оқушыларға арналған брошюралар таратылды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектепте буллингтің алдын алу, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және қауіпсіз орта құру. «KiVa» бағдарламасы буллингке қарсы тиімді әдістерді қамтиды, балаларға көмектесуді және оларды қорғауды мақсат етеді.
Ата-аналар үшін брошюралар:
Бағдарлама жайлы толық ақпаратты ұсынады.
Буллингті қалай анықтау және оған қалай әсер ету туралы кеңестер береді.
Балалармен ашық диалог құру жолдарын көрсетеді.
Оқушыларға арналған брошюралар:
Буллингтің не екенін және оның әсерін түсіндіреді.
Жәбірленуші болған жағдайда немесе куәгер ретіндегі іс әрекеттер алгоритмы құрастырылған
Бір-біріне құрмет көрсетудің маңыздылығын үйретеді.
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар мен ата-аналар арасында тиімді байланыс орнату.
Мектеп қоғамдастығында бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың психо-эмоционалдық әл-ауқатын жақсарту, буллинг жағдайларын азайту.
Бұл брошюралар арқылы біз әр оқушының мектепте өзін қауіпсіз сезінуіне, ата-аналардың балаларымен тығыз байланыс орнатуына және ортақ жауапкершілікті сезінуіне қол жеткіземіз деп сенеміз.