Бүгін лагерь тәрбиеленушілері таза ауада спорттық ойындарға қатысып, белсенді демалыстың қызығын көрді. Балалар теннис ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын шыңдап, бір-біріне қолдау көрсетті.
Мұндай қызықты шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, достық қарым-қатынасты дамытуға, командалық рухты қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.
«Дидарлы жаз» лагерінде әр күн – жаңа әсер мен жарқын сәттерге толы!