Бүгін балалар Ұлттық музейге саяхат жасап қайтты. Экскурсия барысында олар еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы көптеген қызықты мәліметтермен танысты. Мұражайдағы құнды жәдігерлер мен әсерлі көрмелер балалардың ерекше қызығушылығын оятты.Саяхат өте танымды әрі әсерлі өтті. Балаларға музейдегі әрбір бөлім ұнап, жаңа білім алып, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізді.