Жаңалықтар

2024 жылдың 27 сәуір күні өткен 3-4 сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 3 сынып оқушысы Бекбулат Айсултан ағылшын тілі пәнінен жүлделі 1 орын, мұғалімі Сархыт Самал, 3 сынып оқушысы Бекишев Арлан математика пәнінен жүлделі 1 орын, мұғалімі Мусафирова Н.А., 4 сынып оқушысы Аймырза Айбота қазақ тілі пәнінен жүлделі 1 орын, мұғалімі Нургазина […]

2024 жылдың 26 сәуір күні мектепішілік «Үздік педагог-2024» байқауы өтті. Жеке өтініштер бойынша байқауға 6 мұғалім қатысты. Олар мына мұғалімдер: Сатыбалдиева Г.К., Матайбаева Г.Е., Рсаева А.Б., Алпыспаев Н.Н., Оналбекова Г.Ж., Рамазанова Д. Әділ — қазылар алқасының құрамы төмендегідей: Төрайымы: Мукушева К.Б. — мектеп директоры, Толегенова Б.К. — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Бердалинова Ж.К. — […]

2024 жылдың 26 сәуір күні өткен қалалық «Бала Абай » байқауынан 3 сынып оқушысы Агзымова Даяна жүлделі 2 орынға ие болды. Мұғалімі бастауыш сынып мұғалімі Багдатова Сымбат Муратовна. Құттықтаймыз!

26 сәуір күні «Жасыл мекен» экологиялық акция аясында √79 мектеп -лицейінің әкімшілігі мен мектеп түлектері Нұра ауданы Әйтеке би көшесі бойындағы аллеяға ағаш отырғызу акциясына қатысты

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында №79 мектеп -лицейінде сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке мектеп ұжымы мен оқушылары белсенді қатысты

12 сәуір күні №79 мектеп-лицейінде су тасқынынан зардап шеккен мекендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында «Біз біргеміз!» атты акция ұйымдастырылды. Бұл акцияға мектебіміздің ұжымы, мектеп Парламенті, Жасұлан ұйымының мүшелері, оқушылары мен ата-аналары белсенді қатысты. Акция барысында қажетті азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмектер жинақталып, «БлагоДарю Астана» қайырымдылық қорына тапсырылды. Гуманитарлық көмек Атбасар қаласына және Қостанай облысы Федоровка ауылына жіберілді. […]

11.04.2024 ж мектебімізде «Ғарышкерлер күніне» байланысты конференция өтті. Конференцияға мектебіміздің 7-8 сыныптары қатысты. Ғарыш аппараттары мен қазақтың ғарышкерлері, ғарыш денелері мен олардың қозғалыс заңдары бойынша мәліметтер берілді. Конференцияның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Тәнеке Д.Р., Баяндиева А.А., Кудайбергенова М.Б.

“Жас Ұлан” ұйымының “Ұялы телефонмен сөйлесу этикеті” тақырыбында түсірген видеоролигі


«Физика, информатика, математикака» онкүндігі аясында 10А және 10Б сыныптар арасында «Ұлттық құндылықтар физика сабағында» тақырыбында сабақтан тыс практикалық лабораториялық іс-шара өткізілді. Оқушылар ұлттық құндылықтарды физика заңдылықтарында түсіндіріп, киіз үйді құрастырып, құрттың жасалу жолын практикада көрсетті. Іс — шараны өткізген физика пәнінің мұғалімдері Махамбетова А.А., Сатыбалдиева Г.К.