АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

Жаһандану жағдайында елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен біліммен анықталады. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне енуге, озық шетелдік стандарттар мен педагогикалық технологияларды меңгеруге ұмтылу – мемлекеттің де, әрбір жеке мектептің де басты мақсаты болып табылады.
2024 жылдың басынан бастап №79 мектеп-лицейіміз Лондондағы (Ұлыбритания) Ipswich Primary School мектебімен тығыз ынтымақтастық құрастырды.
2024 жылдың 19 ақпанында лицей әкімшілігі мен Ұлыбританияның Ipscwich Primary School директорының екінші онлайн кездесуі өтті. Екі мектептің мұғалімдерімен ынтымақтастық аясында күнтізбелік жылға бірлескен жұмыс жоспары құрастырылып, жалпы жұмыс жоспарын бекіту туралы келісім қабылданды. Жұмыс жоспарына сәйкес түрлі оқу-әдістемелік іс-шаралар: мұғалімдер мен оқушыларға арналған онлайн-конференциялар, телекөпір форматында ұйымдастырылған кездесулер, Ұлыбритания мен Қазақстан бойынша виртуалды саяхат, онлайн викториналар мен пікірталастарды өткізу күтілуде.
Екі мектеп оқушыларының қатысуымен бірінші онлайн кездесу 2024 жылдың 5 наурызында телекөпір форматында өтеді. Бұл кездесуде екі мектептің оқушылары бір-бірін өз мектебімен, қаласымен таныстырып, өз елі, мәдениеті, салт-дәстүрлері жайлы әңгімелесетін болады.

 

Құжаттама

Аты Түрі мен өлшемі
LONDON сотрудничество docx, 16 KB Қараңыз Жүктеу