АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

2024 жылдың 16 ақпан күні Астана қаласы жетекші мектеп педагогтеріне арналған «Жетекші мектеп – кәсіби қоғамдастық көшбасшысы» аймақтық форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – жетекші және серіктес мектептердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, тәжірибе, идея мен басқарудың озық тәжірибелерімен алмасу мәселелерін талқылайтын ашық алаң құру. Форумға спикерлер ретінде №79 мектеп-лицейінің директоры Мукушева К.Б., директордың БО жөніндегі орынбасары Байсакалова Б.И., бастауыш сынып мұғалімдері Пазылова Г.С., Курмашева И.Ж., Абдрахманова С.С., Ибраева Н.М., Куркенова А.М., Сыздыкова Б.С., Нургазина А.С., математика пәні мұғалімі Сарсенова А.С., ағылшын тілі пәні мұғалімдері Турсунова Н.Е., Нуркенова Г.А. қатысты.