2025 жылдың 24 қаңтарында №79 мектеп-лицейінде мектеп ұжымы арасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асуы» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мектепте жүзеге асып жатқан жобалар талқыланып әрі қарай іске асуы бойынша ұсыныстар жасалды. Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша Мұхамәди Кеңес Төлеужанұлы мен Джандаралова Гульнур Кумаркановна дебат клубының жұмысына шолу жасап, жетістіктерімен таныстырды. «Қамқорлық» жобасы бойынша Бөгетбаева Үкілім Бақытжанқызы өткізілген іс-шараларымен таныстырды. Үкілім Бақытжанқызы 9 «Ғ» сыныбындағы оқушылары тек мектепішілік қана емес, сонымен қатар қалалық еріктілермен бірге қоғамға қызмет атқарып жүргендерін айтып өтті.
Ұстаздарымыз әр жоба бойынша ойларын ортаға салып, ұлттық құндылықтарды пәндерге кіріктіру тәжірибелерімен бөлісті.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
