Ұлттық құндылықтар – ұлт рухының айнасы
№79 мектеп-лицейі ұлттық құндылықтарды насихаттауды жалғастыруда. Біздің мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ана тіліміз – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани байлықты сақтау – әрбіріміздің борышымыз.
Бүгінгі іс шарада оқушылар домбыра тартып, қара жорға биін биледі. Бұл – ата-бабамыздан қалған асыл қазынамызды дәріптеудің, жаңғыртудың тағы бір тамаша көрінісі.
Ұлттық құндылықтарымызды бірге сақтап, дамытайық.