28 ақпан күні №79-мектеп- лицейінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Шабыт” жобасы негізінде “Алғыс айту” күніне орай ұйымдастырылған іс-шара ерекше өтті. Бұл күні мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларын құттықтап, қарсы алып, тәттілер таратылды.
Іс-шараны ұйымдастыруда 9 «Н» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жарылкасынова Алина Жарылкасыновна, 9 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Кеңес Мұхамади Төлеужанұлы, 9 “Г” сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Сүйінбек Жалғас Алимxанұлы сонымен қатар, педагог ұйымдастырушы Акбалаев Рамазан Нуртуганович, аға тәлімгер Жакеева Айгерим Нурлановна және мектеп парламентінің белсенді мүшелері де бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосып, белсенді жұмыс атқарды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты — ұстаздарға, және оқушыларға шынайы алғыс айту, олардың еңбегін бағалау, сондай-ақ мектеп ұжымының ынтымақтастығын нығайту болып табылады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына зор ықпалын тигізеді.#біртұтас_тәрбие #алғысайтукүні