АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

2024 жылдың 16 ақпан күні №79 мектеп-лицейінде көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақтың ұлттық қолөнері- эстетикалық тәрбиенің негізі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Семинар жұмысының негізгі мақсаты- көркем еңбек пәндерін оқытуда бүгінгі заманның талабына сай мұғалімдердің шығармашылық ізденісін жетілдіру, кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибе алмасу және әдістемелік көмек. Семинар офлайн түрінде өтті. Семинардың модераторы Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» көркем еңбек пәні бойынша жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Даримбетов Жанболат Нагиметович . Семинар басында №79 мектеп -лицейінің психологтары Кауысова Г.А., Уаисова С.К., Апсат С.С. қала мұғалімдерімен психологиялық тренинг өткізді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Талдыбаева Р.Т. «Әртүрлі материалдармен 3D ою-өрнектер жасау», Муханова Сайра Балтабаевна «Біз инемен 3D панно жасап үйрену», Жалыныш Ахжол «Арнайы емес материалдармен жұмыс» Беккасимова Л.Т. » Мата қалдықтарынан инесіз картина дайындау-кунисайга», Бөлебай К.Қ. » Макраме «сәндік панно», Айешев Г.С. «Бұйымды көркемдеп әрлеу тәсілі- сыммен модельдеу», Маукей Куантай «Бұйымды көркемдеп әзірлеу тәсілі- ағашпен өрнектеу», Ахатова Г.З. «Қол жетімді материалдармен қуыршақ жасап үйрену» , Абишев Р. С. » Гуашпен жұмыс жасау техникасы» тақырыптарында шебер-сыныптар өткізді. Көркем еңбек пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, келген қонақтар өз қоржындарын пайдалы заманау әдіс-тәсілдермен толықтырды. Семинар-практикум өте жоғары деңгейде өтті.