АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

14 наурыз күні №79 мектеп-лицейінде Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Көрісу күні атап өтілді. Мерекелік іс-шараға қонақ ретінде Нұра ауданының ардагерлер кеңесі, ата-аналар шақырылды. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары домбырамен ән айтып, мерекеге арналған өлеңдер оқыды. Жалпы қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Кәде-сыйлары да міндетті түрде бір-бірінің көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуіне орай қуанышты болады. Дәл солай мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, қол алысып, жақсы тілектерін жеткізді.