Астана қаласы әкімдігінің "№79 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Негізгі ғимарат: город Астана, район Есиль, улица Максута Нарикбаева, 3 Телефоны БҰ: +7 (7172) 97‒13‒42 Email БҰ: shkola7979@mail.ru

Жаңалықтар

Астана қаласындағы №79 мектеп-лицейінің әкелер бірлестігінен тамаша бастама! Ақпанның 5-і күні “Әкелер бірлестігі” “Қар десанты” атты челленджге белсенді түрде қатысып, мектеп ауласын қардан тазалауға атсалысты. Бұл игі іс-шараға әкелер үлкен жауапкершілікпен қарап, бірлесе отырып, қысқа мерзім ішінде ауланы қардан тазартып шықты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әкелердің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында мектеп ауласы тап-таза болып, балалардың […]

Толығырақ

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында Астана қаласы әкімдігінің №79 мектеп-лицейінде «денсаулық күніне» орай 6 «Л» сыныбының оқушылары қолдағы құралдармен «Mini basketball» ойының жасап ойнады. Ойын барысында оқушылардың мергендік дағдылары анықталып, қоңырау уақыты пайдалы әрі қызықты өткізілді. Сынып жетекшісі: Канапьянова Дариға Жумажановна.  

Толығырақ

№79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Астана қаласындағы №79 мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Ашық есік” күніне орай әкелер кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты – бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін айқындау, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ, әкелер кеңесінің маңыздылығын арттыру. Жиын қонақтарын педагог-ұйымдастырушы Акбалаев Рамазан Нұртуғанұлы “Әке” әнімен қарсы алып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. […]

Толығырақ

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында оқушыларды еңбекке баулу, достық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 28 қаңтары күні №79 мектеп-лицейінің оқушылары бір уақытта, яғни 12:00-де “Қар десанты” еріктілер эстафетасына қатысты. Науқан басында барлық қатысушылар “Біргеміз”флешмобын билеп, мектеп ауласын қардан тазартып, тайғақ мұздарды ойып, бірге суретке түсті.

Толығырақ

31.01.2025 (жұма) күні сағат 18,30-да мектептің Акт залында «Әкелер кеңісінің отырысы» өтеді. Өзінің тәжірибесімен бөлісуге құрметті қонағымыз Әкелер одағы РҚБ, Астана қаласы филиалы төрағасы, жасөспірім балалар құқұғын қорғау комиссия мүшесі Күзембай Бекдайыр Нығметұлы келеді. (Кездесу еркін тақырыпта, әңгімелесу түрде өтеді. Әр сыныптан бір әке келуі керек. Әке классикалық киім үлгісінде келуі қажет).Кері байланыс күтеміз.  

Толығырақ

2025 жылдың 24 қаңтарында №79 мектеп-лицейінде мектеп ұжымы арасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асуы» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мектепте жүзеге асып жатқан жобалар талқыланып әрі қарай іске асуы бойынша ұсыныстар жасалды. Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша Мұхамәди Кеңес Төлеужанұлы мен Джандаралова Гульнур Кумаркановна дебат клубының жұмысына шолу жасап, жетістіктерімен таныстырды. «Қамқорлық» […]

Толығырақ

79мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері “Ұлттық құндылықтар” күніне орай мектеп оқушыларына бауырсақ таратып, үзілісте оқушыларға тоғыз құмалақ,шахмат ойындарын ойнатты.#біртұтас_тәрбие

Толығырақ

Отан қорғаушысы-аса құрметке ие мамандық 22 қаңтар 2025 жылы 79 мектеп-лицейінде «Отан қорғаушысы-аса құрметке ие мамандық» деген тақырыпта, біздің мектептің 2023-2024 оқу жылының түлегі, Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты Тұрарбек Ерсұлтан Мұхитұлының қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті. Әр жыл сайын өтетін дәстүрге айналған кездесуге Астана қаласы, Нұра ауданы қорғаныс істері […]

Толығырақ

“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Ұлттық құндылықтар”күніне орай үзілісті тиімді пайдалану мақсатында оқушылар тоғызқұмалақ ойнауда. Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру. Тоғызқұмалақ-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Ұйымдастырған: Ақбалаев Рамазан Нұртуғанұлы, Жакеева Айгерим Нурлановна, “Мектеп парламенті”#біртұтас_тәрбие #мектеппарламенті

Толығырақ

2024ж 12 желтоқсан күні 7 сынып қыздары мен аналарына арналған «Қыз еркем» атты тақырыбында кездесу өтілді. Аналарға «Қызымның қалауы менің қалауым» атты тақырыбында әдістеме ұйымдастырылды. Мектеп психологы Бакибаева А.Е

Толығырақ