Жаңалықтар

24 мамыр күні 79 мектеп-лицейінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өтті. Ұстаздарға алғыс, сыныптастарға сағыныш, мектепке мәңгілік махаббатпен! Сәт сапар, түлектер! Болашақтарыңыз жарқын болсын!79 мектеп — лицей «Мектебім Саған Мың Алғыс» «Түлек 2025» Болашақ Жастар Қолында

«Жасыл мектеп» – табиғатпен үндескен білім ордасы #79 мектеп-лицейінде Болат Өтемұратов қорының қолдауымен «Жасыл мектеп» бағдарламасы аясында жылыжай іске қосылды. Бұл жоба мектеп оқушыларына табиғатпен тығыз байланыс орнатып, экологиялық тәрбие беру, еңбекке баулу және өсіру мәдениетін үйретуге бағытталған. Жылыжайда 15 сәуірде тұқым себілген болатын. Қияр, шалғам, ас көк, сәбіз, тұрып, қызылша, брокколи секілді көкөністер егілді. […]

«Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы Мақсаты: Оқушыларға қоғамдық тәртіптің мәні мен маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, белсенді ойлау және пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту. _________________ «Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбындағы мақсаттар: Негізгі мақсат: Оқушыларға қоғамдық тәртіп ұғымын түсіндіру, оның маңыздылығын ұғындыру және қоғамдық тәртіпті сақтау дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік мақсат: Оқушылардың […]

“Адамгершілік шуағы сөңбесін” тақырыбында “Жасұлан” ұйымының мүшелері видеоролик түсірді.#адалұрпақ

“Жемқорлыққа жол жоқ” тақырынбында өзін- өзі басқару ұйымының видеоролигі#адалұрпақеріктілерклубы


Ұлттық құндылықтар – ұлт рухының айнасы №79 мектеп-лицейі ұлттық құндылықтарды насихаттауды жалғастыруда. Біздің мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ана тіліміз – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани байлықты сақтау – әрбіріміздің борышымыз. Бүгінгі іс шарада оқушылар домбыра тартып, қара жорға биін биледі. Бұл – ата-бабамыздан қалған асыл қазынамызды дәріптеудің, жаңғыртудың тағы бір тамаша көрінісі. Ұлттық құндылықтарымызды бірге […]

№79 мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында сынып жетекшілермен семинар өткізілді. Мақсаты: Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру, жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінетін құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру. Құқық бұзушылықтың алдын алуда оң нәтижеге жету үшін; Мектеп, оқушы, ата-ана және мұғалімнің осы бағыттағы біріккен […]