Автор: user

2024 жылдың 27 сәуір күні өткен математика пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасы бойынша 5 сынып оқушысы Айсаров Расул 2 орын, 6 сынып оқушысы Садвакасов Санжар 3 орын, мұғалімі Жусупова Айман Тобылжановна. Құттықтаймыз!

2024 жылдың 27 сәуір күні өткен 3-4 сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 3 сынып оқушысы Бекбулат Айсултан ағылшын тілі пәнінен жүлделі 1 орын, мұғалімі Сархыт Самал, 3 сынып оқушысы Бекишев Арлан математика пәнінен жүлделі 1 орын, мұғалімі Мусафирова Н.А., 4 сынып оқушысы Аймырза Айбота қазақ тілі пәнінен жүлделі 1 орын, мұғалімі Нургазина […]

2024 жылдың 26 сәуір күні мектепішілік «Үздік педагог-2024» байқауы өтті. Жеке өтініштер бойынша байқауға 6 мұғалім қатысты. Олар мына мұғалімдер: Сатыбалдиева Г.К., Матайбаева Г.Е., Рсаева А.Б., Алпыспаев Н.Н., Оналбекова Г.Ж., Рамазанова Д. Әділ — қазылар алқасының құрамы төмендегідей: Төрайымы: Мукушева К.Б. — мектеп директоры, Толегенова Б.К. — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Бердалинова Ж.К. — […]

2024 жылдың 26 сәуір күні өткен қалалық «Бала Абай » байқауынан 3 сынып оқушысы Агзымова Даяна жүлделі 2 орынға ие болды. Мұғалімі бастауыш сынып мұғалімі Багдатова Сымбат Муратовна. Құттықтаймыз!

26 сәуір күні «Жасыл мекен» экологиялық акция аясында √79 мектеп -лицейінің әкімшілігі мен мектеп түлектері Нұра ауданы Әйтеке би көшесі бойындағы аллеяға ағаш отырғызу акциясына қатысты

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында №79 мектеп -лицейінде сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке мектеп ұжымы мен оқушылары белсенді қатысты

12 сәуір күні №79 мектеп-лицейінде су тасқынынан зардап шеккен мекендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында «Біз біргеміз!» атты акция ұйымдастырылды. Бұл акцияға мектебіміздің ұжымы, мектеп Парламенті, Жасұлан ұйымының мүшелері, оқушылары мен ата-аналары белсенді қатысты. Акция барысында қажетті азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмектер жинақталып, «БлагоДарю Астана» қайырымдылық қорына тапсырылды. Гуманитарлық көмек Атбасар қаласына және Қостанай облысы Федоровка ауылына жіберілді. […]

11.04.2024 ж мектебімізде «Ғарышкерлер күніне» байланысты конференция өтті. Конференцияға мектебіміздің 7-8 сыныптары қатысты. Ғарыш аппараттары мен қазақтың ғарышкерлері, ғарыш денелері мен олардың қозғалыс заңдары бойынша мәліметтер берілді. Конференцияның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Тәнеке Д.Р., Баяндиева А.А., Кудайбергенова М.Б.