АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

Астана қаласындағы №79 мектеп-лицейінің әкелер бірлестігінен тамаша бастама! Ақпанның 5-і күні “Әкелер бірлестігі” “Қар десанты” атты челленджге белсенді түрде қатысып, мектеп ауласын қардан тазалауға атсалысты. Бұл игі іс-шараға әкелер үлкен жауапкершілікпен қарап, бірлесе отырып, қысқа мерзім ішінде ауланы қардан тазартып шықты.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әкелердің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында мектеп ауласы тап-таза болып, балалардың қысқы ойындары мен серуендері үшін қауіпсіз әрі жайлы орта жасалды. Бұл бастама балаларға үлгі болып, еңбектің қадірін түсінуге, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақырады.

“Қар десанты” челленджі енді №71 мектепке жолданады. Біз олардың да бұл эстафетаны қабыл алып, өз мектептерінің ауласын қардан тазартуға атсалысатынына сенімдіміз. Барлықтарыңызды осындай игі істерге қатысуға шақырамыз! 🤝#бәртұтас_тәрбие#қардесанты