АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

2023-2024 оқу жылының 22 мамыр күні №79 мектеп-лицейінің акт залында талантты, білімді, ең алғыр, ең мықты оқу ордасының даңқын асқақтатып жүрген және мектеп өмірін қызыққа толтырған оқушыларға «Жұлдыздар шеруі-2024» атты марапаттау рәсімі өтті.
Мақсаты: мектептің озат және белсенді оқушыларын марапаттау рәсімі мен құрметтеу.
1 топ – «Олимпиада жұлдыздары» – пәндік олимпиада жүлдегерлері;
3 топ – «Жас зерттеушілер жұлдыздары» – қалалық, республикалық «Зерде», «Дарын» кіші ғылыми-зерттеу академиясының жүлдегерлері;
4 топ – «Тіл жанашырлары» – шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері;
5 топ – «Интеллектуалды — шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары»
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Мукушева К.Б. берілді. Биыл мектебіміздің алған асулары мол. Әсіресе пәндік олипиадаларда бақтарын сынап, жеңімпаз, жүлдегер атанған оқушылар аз емес. Болашақта тек білімді ел ғана бәсекеге төтеп беріп, өзін-өзі сақтап қалатыны сөзсіз. «Ел болашағы – білімді ұрпақта». Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа технологиялық өзгерістер ұрпақ тәрбиелеу ісін жаңа сатыға көтеруді қажет етеді. Біздің оқушыларымыз жыл сайын биік межелерден көрініп келеді.
Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жикибаев П.М. пен Кисабеков А.А. тапсырылды.
Қалалық, облыстық байқауларда, кіші ғылыми академиясында жүлделі орындарға ие болған оқушыларды марапаттау рәсімі директордың оқу жөніндегі орынбасары Бердалинова Ж.К. тапсырылды. «Тіл жанашырлары» – шығармашылық байқаулардың жүлдегерлерін марапаттау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Толегенова Б.К. тапсырылды. «Интеллектуалды — шығармашылық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Умарова А.А. тапсырылды.
Әр топ марапаттау рәсімі аяқталған сайын оқушылардан музыкалық нөмері болды. Ұстаздан шәкірт озып жатса, ұс¬таз еңбегінің ақталған¬дығы. Ал білімде жүлдегер атанып жүрген оқушылар ертеңгі күні үлкен өмірде де жүлдеге жетері сөзсіз. Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Осындай дарынды оқушыларды тәрбиелеп отырған мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған. Биыл да аталған дәстүр үзілмей, мұғалімдерді де марапаттау рәсімі өтті.
«Жұлдыздар шеруі — 2024» атты марапаттау рәсімі құрмет тізбегі шеруімен аяқталды.