АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

12 сәуір күні №79 мектеп-лицейінде су тасқынынан зардап шеккен мекендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында «Біз біргеміз!» атты акция ұйымдастырылды. Бұл акцияға мектебіміздің ұжымы, мектеп Парламенті, Жасұлан ұйымының мүшелері, оқушылары мен ата-аналары белсенді қатысты. Акция барысында қажетті азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмектер жинақталып, «БлагоДарю Астана» қайырымдылық қорына тапсырылды. Гуманитарлық көмек Атбасар қаласына және Қостанай облысы Федоровка ауылына жіберілді. Қайыры бар іске өз үлесін қосып, барыншы қолдау білдірген ата-аналар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жақсылық жасаудан жарысайық! Біз біргеміз!