2024 жылдың 16 ақпан күні №79 мектеп-лицейінің акт залында «Үздік жас маман-2024 «байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің 8 жас маманы қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды. І тур: «Мен мұғаліммін…»
(Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар әңгіме түрінде, музыка, сахналық қойылым немесе поэзия элементтерімен өздерін таныстырады)
ІІ тур: «Мамандығым-мақтанышым» панорамалық сабақ
(Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді көрсетеді)
ІІІ тур: «Шығармашылық шыңы»
(Мамандығына сәйкес кез-келген характердегі шығарма электронды тақтадан көрсетіледі.Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар шығарманы оқушыға жеткізудің,талдаудың заманауи түрлерін, инновациялық жаңалығы мен тәсілдерін көрсетуі қажет.) ІV тур: «Білгенге маржан» сұраққа жауап және жағдаяттар.
(Бұл кезеңде әр маманға 1 сұрақ ,1 жағдаят шешуге беріледі. Олар таңдаған сұрақ пен тосын жағдайларды (жағдаят) шешу шеберлігін және педагогикалық-психологиялық сауаттылығын көрсете білуі қажет)
Vтур: «Шеберлік қолтаңбасы»- шығарма орындау шеберлігі.
(Сайысқа қатысушылардың өзі таңдап дайындалған бір шығарманы орындау шеберлігі)
Сайыстың мақсаты Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Әділ қазылар шешімімен Бас жүлдені математика пәнінің мұғалімі Тілеулесова Ұлпан Бақбергенқызы иеленді. 1 орын иегері Бастауыш сынып мұғалімі Агатаева Акерке Нурхановна. 2 орын иегері Химия пәнінің мұғалімі Кеңес Мұхамәди Төлеужанұлы. 3 орын иегері Физика пәнінің мұғалімі Кудайбергенова Меруерт Биржановна. Мадақтамамен Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Капас Арайлым Бейбітқызы, Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шугаипова Кунсулу Кулигеновна, Информатика пәні мұғалімі Садық Жұлдыз Бакитжанқызы, География пәні мұғалімі Задабекова Аяулы Қалдыжанқызы марапатталды.