Астана қаласы әкімдігінің "№79 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Негізгі ғимарат: город Астана, район Есиль, улица Максута Нарикбаева, 3 Телефоны БҰ: +7 (7172) 97‒13‒42 Email БҰ: shkola7979@mail.ru

Жазғы лагерьдегі көңілді екінші күні

Жазғы демалыстың жарқын сәттерінің бірі – балаларға арналған туристік лагерь. Бүгінгі күн лагерьде ерекше көңілді өтті. Таңғы жаттығумен басталған күн балалардың сергек әрі белсенді болуына себеп болды. Жаттығудан кейін дәмді таңғы ас ішіп, бәріміз елордамыздағы танымал ойын-сауық орталығы – Хан Шатырға аттандық.

Балалар кинотеатрда қызықты фильм көріп, ерекше әсер алды. Заманауи технологиямен жабдықталған залда отырып, сүйікті кейіпкерлерін тамашалау олар үшін үлкен қуаныш болды. Кино аяқталған соң балалар өз әсерлерімен бөлісіп, бір-бірімен көңілді әңгіме-дүкен құрды.

Осылайша, лагерьдегі тағы бір күн шаттық пен қуанышқа толы өтті. Мұндай саяхаттар балалардың достығын нығайтып, есте қаларлық естеліктер қалдырады. Алда әлі де көптеген қызықты күндер мен жаңа әсерлер күтіп тұр!