79 мектеп-лицейінде 2025 жылғы 8 наурызда «Шабыт» жобасы аясында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде мектебіміздің аяулы ұстаздары мен аруларын 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтау шарасы өткізілді. Бұл іс-шараны ұйымдастырған Бермаганбетова Асем Сапаровна, Касымова Ақмарал Социаловна, және Альденова Меруерт Тыныштықбаевна. Ұстаздар мен аруларымызды мерекемен құттықтап, олардың еңбектері мен адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалау мақсатында ұйымдастырылған шара ерекше көңіл-күйде өтті.