2025 жылдың 28 ақпан күні №79 мектеп-лицейінде Педагог ұйымдастырушы Акбалаев Р.Н., аға тәлімгер Жакеева А.Н. және мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Шабыт” жобасы негізінде «Старостаның рөлі: көшбасшы болу – міндет пе, әлде мүмкіндік пе?» атты форум өтті. Форумға 8/9-сыныптың старосталары қатысты.
Іс-шара барысында старосталарға көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар командаларға бөлініп, әртүрлі тапсырмалар орындап, бір-бірімен өзара әрекеттесіп, көшбасшылық дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, старосталарға постер қорғау тапсырмасы беріліп, олар өз идеяларын шығармашылық тұрғыда жеткізіп, пікірлерін ортаға салды.
Форумның көркем бөлігіне би билеу және караоке айтудан құралған өнер конкурсы қосылды. Старосталар көңілді атмосферада би билеп, ән айтты. Іс-шараның соңында «Біргеміз» флешмобы ұйымдастырылып, барлық қатысушылар бірлесе отырып, ортақ мақсатқа бағытталған флешмоб биледі. Бұл флешмоб старосталардың топтық жұмыс пен ынтымақтастыққа деген маңызды көзқарасын көрсетті.