АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

2024 жылғы 10 сәуірде №79 мектеп лицейі директоры К.Б. Мукушеваның ата-аналар алдында есеп беру кездесуі өтті. Есеп берудің мақсаты — 2023-24 оқу жылындағы мектептің дамуы мен қызмет атқарудағы жетістіктері мен проблемарымен ата-аналарды ақпараттандыру. Құралай Балғабаевна өз есебінде мектептің 3 – оқу тоқсанының қорытындысына тоқталып өтті. Есеп барысында оқушылардың тәртібі мен үлгерімі, ресурстық қамтамасыз етілуі, сонымен қатар мектептің қаржыландырылуы қарастырылды.
Өткізілген есептің сараптамасы бойынша келесі оқу тоқсанына білім сапасын жақсарту мен арттыру бойынша стратегиялық міндеттер анықталды. Кездесу соңында ата-аналар қойған сұрақтарына толыққанды жауап алды