АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ " №79 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" ШЖҚ МКК

Автор: user

2024 жылғы 10 сәуірде №79 мектеп лицейі директоры К.Б. Мукушеваның ата-аналар алдында есеп беру кездесуі өтті. Есеп берудің мақсаты — 2023-24 оқу жылындағы мектептің дамуы мен қызмет атқарудағы жетістіктері мен проблемарымен ата-аналарды ақпараттандыру. Құралай Балғабаевна өз есебінде мектептің 3 – оқу тоқсанының қорытындысына тоқталып өтті. Есеп барысында оқушылардың тәртібі мен үлгерімі, ресурстық қамтамасыз етілуі, сонымен […]

Толығырақ

2024 жылдың 5 сәуір күні өткен республикалық «І.Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңі бойынша «Жаз!Жаз! Қалам, жорғалап» номинациясынан 11 сынып оқушысы Мамырбек Акерке жүлделі 2 орынға ие болды. Мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжаркинова Гульшат Амантаевна. Құттықтаймыз!

Толығырақ

2024 жылдың 3 сәуір күні өткен «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикалық рөлі» республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясында озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Рсаева Алия Бейбитовна сертификатқа ие болды.

Толығырақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, Акшолакова Лязат Кызыркановна 2024 жылдың 29 наурыз күні Түркістан қаласында өткен «Ғасыр данасы-Қожа Ахмет Яссауи» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып , іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификатпен, Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» Алғыс хатымен марапатталды.

Толығырақ

23 наурыз күні  сағат 10.00 – де Астана қаласы №79  мектеп- лицейінде «Тазалық эстафета» аясында Жаңа мақсатпен, жаңа үмітпен «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Акция аясында аулаларрды, көшелерді, сондай­ақ арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша іс­шаралар ұйымдастырылады.  

Толығырақ

18.03 күні 8- сыныптар арасында ұйымдастырылған Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім шалқарынан…» атты оқырман алаңы өтті. Оқушылар Шәкәрім ақынның шығармашылығын әр қырынан талдап, ой бөлісті. Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акшолакова Лязат Кызыркановна.

Толығырақ

№79 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 11- сынып қыздары арасында «Әсемдік қыздарға жарасады» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілік, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін бойларына сіңіру. Сайыс төрт кезеңнен өтті. Қыз балалар өздерінің өнерлерін көрерменге ұсынды. Жауапты мұғалімдер: қазақ тілі […]

Толығырақ

2024 жылдың ақпан-наурыз аралығында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтер үшін «Идеялар марафоны» аймақтық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау мен насихаттауға ықпал ету. Байқауға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Актанова Аяулым Аманжоловна қатысып, жүлделі 3 орын иеленді. Құттықтаймыз!

Толығырақ

2024 жылдың 16 наурыз күні өткен республикалық » ПроЭко» конкурсының қалалық кезеңінде «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Асхат Нұрай жүлделі 2 орын иеленді. Мұғалімі Кисабекова Асем Амиргалиевна. Құттықтаймыз!

Толығырақ

15 наурыз күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіндігі аясында белгілі қоғам қайраткері, ақын, жазушы С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, әндерін әуелете шырқады, кішкентай күйшілер күй орындап, жас ақындар ақынга арнаған өз туындыларын оқыды. 9ә сынып оқушыларының қатысуымен […]

Толығырақ