Автор: user

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында оқушыларды еңбекке баулу, достық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 28 қаңтары күні №79 мектеп-лицейінің оқушылары бір уақытта, яғни 12:00-де “Қар десанты” еріктілер эстафетасына қатысты. Науқан басында барлық қатысушылар “Біргеміз”флешмобын билеп, мектеп ауласын қардан тазартып, тайғақ мұздарды ойып, бірге суретке түсті.

31.01.2025 (жұма) күні сағат 18,30-да мектептің Акт залында «Әкелер кеңісінің отырысы» өтеді. Өзінің тәжірибесімен бөлісуге құрметті қонағымыз Әкелер одағы РҚБ, Астана қаласы филиалы төрағасы, жасөспірім балалар құқұғын қорғау комиссия мүшесі Күзембай Бекдайыр Нығметұлы келеді. (Кездесу еркін тақырыпта, әңгімелесу түрде өтеді. Әр сыныптан бір әке келуі керек. Әке классикалық киім үлгісінде келуі қажет).Кері байланыс күтеміз.

2025 жылдың 24 қаңтарында №79 мектеп-лицейінде мектеп ұжымы арасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асуы» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мектепте жүзеге асып жатқан жобалар талқыланып әрі қарай іске асуы бойынша ұсыныстар жасалды. Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша Мұхамәди Кеңес Төлеужанұлы мен Джандаралова Гульнур Кумаркановна дебат клубының жұмысына шолу жасап, жетістіктерімен таныстырды. «Қамқорлық» […]

79мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері “Ұлттық құндылықтар” күніне орай мектеп оқушыларына бауырсақ таратып, үзілісте оқушыларға тоғыз құмалақ,шахмат ойындарын ойнатты.#біртұтас_тәрбие

Отан қорғаушысы-аса құрметке ие мамандық 22 қаңтар 2025 жылы 79 мектеп-лицейінде «Отан қорғаушысы-аса құрметке ие мамандық» деген тақырыпта, біздің мектептің 2023-2024 оқу жылының түлегі, Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты Тұрарбек Ерсұлтан Мұхитұлының қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті. Әр жыл сайын өтетін дәстүрге айналған кездесуге Астана қаласы, Нұра ауданы қорғаныс істері […]

“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Ұлттық құндылықтар”күніне орай үзілісті тиімді пайдалану мақсатында оқушылар тоғызқұмалақ ойнауда. Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру. Тоғызқұмалақ-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Ұйымдастырған: Ақбалаев Рамазан Нұртуғанұлы, Жакеева Айгерим Нурлановна, “Мектеп парламенті”#біртұтас_тәрбие #мектеппарламенті

2024ж 12 желтоқсан күні 7 сынып қыздары мен аналарына арналған «Қыз еркем» атты тақырыбында кездесу өтілді. Аналарға «Қызымның қалауы менің қалауым» атты тақырыбында әдістеме ұйымдастырылды. Мектеп психологы Бакибаева А.Е

Мектептегі «KiVa» антибуллинг бағдарламасы аясында ата-аналар мен оқушыларға арналған брошюралар таратылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектепте буллингтің алдын алу, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және қауіпсіз орта құру. «KiVa» бағдарламасы буллингке қарсы тиімді әдістерді қамтиды, балаларға көмектесуді және оларды қорғауды мақсат етеді. Ата-аналар үшін брошюралар: Бағдарлама жайлы толық ақпаратты ұсынады. Буллингті қалай анықтау және оған қалай […]

Мектептегі «KiVa» антибуллинг бағдарламасы аясында ата-аналар мен оқушыларға арналған брошюралар таратылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектепте буллингтің алдын алу, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және қауіпсіз орта құру. «KiVa» бағдарламасы буллингке қарсы тиімді әдістерді қамтиды, балаларға көмектесуді және оларды қорғауды мақсат етеді. Ата-аналар үшін брошюралар: Бағдарлама жайлы толық ақпаратты ұсынады. Буллингті қалай анықтау және оған қалай […]

Мектеп оқушыларының біркелкі киім үлгісін сақтау бойынша жұмысты жандандыру мақсатында № 79 мектеп-лицейінің “Мектеп парламенті” мен “Жас Ұлан” ұйымы фото-дефилеге қатысты.